Приемная 8 (72835) 42210, Вз. Регистратура 44297, 44558, Детская регистратура 44559 
   Мобильная версия сайта
Главная » Архив материалов
« 1 2 3 4 ... 34 35 »

Врач-отоларинголог Тимур Русланович Мусаев уже много лет ведет прием в Текелийской городской поликлинике и наблюдает больных в стационаре. Его, как и многих врачей отличает высокий профессионализм и любовь к своему делу, и при этом особая коммуникабельность, ведь его пациенты всех возрастов: мамочки приносят грудничков на профилактический осмотр, детки постарше чаще всего приходят с отитом, который, к слову сказать, может привести к самым неприятным последствиям. Идут на прием и люди в возрасте. Однако, сетует врач, в последнее время все больше и больше людей приходит с аллергическими реакциями, и особенно огорчает, что среди них много детей. Конечно, он стремится помочь каждому, назначая необходимое лечение и вселяя оптимизм, щедро применяя весь арсенал имеющихся средств, главные из которых доброе слово, внимательное отношение и богатый опыт.
Спасибо Вам, доктор!

Категория: Новости | Просмотров: 58 | Добавил: Администратор | Дата: 17.06.2018

Врач онколог Николай Владимирович Бугров, совмещающий еще и должности хирурга и детского хирурга – личность неоднозначная. Возможно, кому-то может показаться, что он немного суров и резковат, но при его профессии, когда счет времени идет не то что на часы, а на минуты, не остается времени для церемоний: необходимо принимать решения и без промедления. Потом, когда все остается позади, больные и родственники понимают, что доктор был прав и от души выражают искреннюю благодарность.
Благодарят его и пациенты поликлиники, хотя с ними тоже бывает нелегко. Николай Владимирович не может равнодушно смотреть, как они нарушают врачебные предписания и сводят на нет все его усилия. Но ведь здоровье пациента на 80% зависит от него самого и лишь на 20% – от медицинского вмешательства, а потому доктор призывает всех быть внимательным к себе и во время обращаться к врачу. При своевременном обращении справиться с заболеванием можно, убежден врач, и эту уверенность он внушает своим пациентам.
Спасибо Вам, доктор за веру и возвращенную надежду!

Категория: Новости | Просмотров: 80 | Добавил: Администратор | Дата: 17.06.2018

Ересектер, жүкті әйелдер, тіпті балаларға әртүрлі ауру белгілері бойынша диагноз қойып, ем-дом жүргізетін жалпы классикалық дәрігерінің міндеті салмақты.
Сол салмақты қайратымен қайырып, біліктілігімен, мол тәжірибесімен ауруға араша түсіп, басы ауырып, балтыры сыздағандардың ризашылығына бөленіп жүрген нәзік жандылардың бірі – Текелі қалалық «Достық» амбулаториясының отбасылық дәрігері ҰЛБОСЫН МҰХТАРҚЫЗЫ САРМАНОВА. Ол: «Адамдардың ауруға қарсылық қуаты әртүрлі. Сол секілді, әртүрлі жастағы адамдар үшін бір түрлі аурудың белгісі де үнемі бірдей сипаттала бермеуі мүмкін. Сондықтан, дәрігер ауруды емдеп, адамды құтқару ісінде үнемі сергек болуы, үздіксіз тәжірибе жинап, білімін жетілдіріп отыруы парыз», – деп өзінің дәрігерлік антына адалдығын танытты.
Міндетін мінсіз атқара жүріп, отбасын мейірім-шуаққа бөлеген көп балалы батыр ана «Әкенің сесі – бала үшін тез» деп, ұл мен қыздың өсу жолын ұлағатты дәстүрлерімізбен байланыстырған.
Ұлбосын кәсіби мереке қарсаңында әріптестеріне қажыр-қайрат, біліктілік, мол мейірім тілейтінін жеткізді

Категория: Новости | Просмотров: 118 | Добавил: Администратор | Дата: 16.06.2018 | Комментарии (0)

ТЕМИРОВА ГҮЛЖАН НҰРЛАНҚЫЗЫ – балалар дәрігері, 2017 жылдан бастап Текелі қалалық ауруханасы балалар бөлімінің меңгерушісі. Оның арманы – әке кәсібін терең меңгеріп, бала денсаулығының білікті бағбаны болу. Гүлжанның әкесі, балалар дәрігері болған Абай Жантілеуұлы Көптілеуовтің есімі Текелі қаласы, Кербұлақ ауданы және Рудничный ауылы тұрғындарына кеңінен танымал. Аяулы дәрігер Абай Көптілеуов бар саналы ғұмырын балдырғандарды емдеуге арнады, қызының өз ізін жалғап, ақ халатты абзал жанға айналғанын қалады. Ол арманы орындалды да.
Қайсарлығы мен білімдарлығы байқалып тұратын Гүлжан адамдармен тез тіл табыса біледі, адамгершілігі мол, үлкенге ізетті, кішіге қамқор жан.
Рақмет саған, дәрігер!

Категория: Новости | Просмотров: 90 | Добавил: Администратор | Дата: 16.06.2018

Текелі қалалық ауруханасының жұқпалы аурулар саласында жемісті еңбек етіп, халықтың алғысына бөленіп жүрген абзал жанның бірі – ҒАБИТ ИНИЯТОВ.
Туған топырағынан бастасақ, ол Өзбекстан Республикасы, Новаи облысы, Тамды ауданында 1982 жылы өмірге келген. Төрт ағайынды Ғабиттің отбасында дәрігер мамандығын игерген ешкім болмаса да ол ақ халатты абзал жан болуды алдына мақсат етіп қояды. Бала күнгі жүрегі қалаған, тілегіне балаған мамандығы алыстан қол сермеп, 2003-2009 жылдары Бұқара қаласындағы Мемлекеттік медициналық институтында жалпы тәжірибелік дәрігер мамандығы бойынша білім нәрімен сусындайды. 2009-2011 жылдар аралығында осы оқу орнының жұқпалы аурулар бойынша резидентурасын тәмамдайды. Кейін Заравшан қаласының емханасында қызмет етеді. 2014 жылы атамекенге оралып, 2015 жылдың қаңтар айынан бастап Текелі қалалық емханасында жұқпалы аурулар бойынша дәрігер міндетін атқаруда.
Ғ.Иниятов қызметі туралы әңгімесін әдемі өрбітті: Мен мамандығымды өте жақсы көремін. Өз ісіме бар күш-жігерімді салып, көңілге түйгенімді пайдалануға тырысамын. Сондай жағдайда қол қусырып қарап отырмай, жан-жақты ізденіп, тәжірибе жүзінде білімімді шыңдап отыруға тырысамын. Сондай-ақ, дәрігер ең алдымен мейірімді, кішіпейіл, қарапайым болуы керек. Жаны жаралы науқас адамдарға дәрілік заттармен қатар, тілектестік ниетіңді де білдіріп, жүрегіңді де арнай білу маңызды. Менің осындай білім алып, халқыма қызмет етуіме әке-шешемнің еңбегі зор.
Біздің бөлімде 25 адамға арналған жатын орын бар. Жыл сайын ғима-
ратқа ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалып тұрады, биыл жаңа орындықтар берілді. Ұжымда 11 адам еңбекпен қамтылған, 1 дәрігер, 4 медбике және тазалықшылар мен буфетшілер бар. Қиыны мен қызығы ... Читать дальше »

Категория: Новости | Просмотров: 80 | Добавил: Администратор | Дата: 15.06.2018

Текелі қалалық емханасының ақ халатты абзал жандарының бірі, емхана меңгерушісі – ӘДІЛ КҮЛСІН. С.Асфендияров атындағы Ұлттық медициналық университетінің жалпы медицина факультетінде білім алып, біздің емханаға 2015 жылы жалпы тәжірибелік дәрігер ретінде жұмысқа қабылданды. Адамгершілігімен, тындырымды қызметімен, ұйымдастырушылық қабілетімен, кәсіби біліктілігімен танылған ол биылдан бастап емхана меңгерушісі қызметіне көтерілді. Текеліліктердің әрқайсысына қол ұшын созудан жалықпайтын Күлсін отбасының шамшырағы, екі бүлдіршіннің аяулы анасы.
Рақмет саған, дәрігер!

 

 

Категория: Новости | Просмотров: 61 | Добавил: Администратор | Дата: 15.06.2018

«Әкем де, шешем де энергия саласының мамандары еді. Бірақ мен бала күнімнен-ақ дәрігер болғым келді. Арманымның ақиқатқа айналғанына тәубе деймін және құлшына түсемін. Әр күні таңертең өзім сүйетін кәсібіме кіріскен кезде бойымды бір керемет күш билеп ала жөнеледі. Себебі, өмірге жаңа өмір әкелетін аналардың үміті, қуанышы мен бақытты сәттері маған да шексіз ләззат сыйлайды!»
Бұл – бар ықыласын, қажыр-қайратын өзінің сүйікті ісіне арнаған абзал жан, қалалық аурухананың акушер-гинеколог дәрігері, емдеу ісі жөніндегі директордың орынбасары ЖАНЕТА НАРИМАНҚЫЗЫ НҰРМАНБЕТОВАНЫҢ жүрек сөзі.
1997 жылы Семей медицина акедемиясын бітірген Жанета 2000 жылға дейін туған жері Кербұлақ ауданының Сарыөзек кентінде жұмыс істеді. Кейін Талдықорған облыстық перинаталдық орталығында дәрігер, орталық меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды. Қазір қаламыздағы аналардың сүйікті дәрігері.
Жанета мектепті, жоғары оқу орнын орысша оқыса да, отбасындағы қазақы тәрбие оны өзегінен алыстатпаған. Тарихи кітаптарды оқығанды, кең-байтақ жерімізді аралап, белгілі тұлғалар туралы білуге құмартады. Ол: «Еліміздегі белгілі туристік аймақтардың бәрінде болдым. Өзім ғана
емес, қызымды, туыс-туғандарымның балаларын да бірге ала жүріп, олардың қасиетті Отанымыздың жер-суы, халқымыздың ұлы тұлғалары туралы біліп өсуіне мүмкіндік жасауға тырыстым, – деп отаншылдық сезімді жас ұрпақ бойына сіңірудің әдемі үлгісін де байқатты.
Рақмет саған, дәрігер!

... Читать дальше »

Категория: Новости | Просмотров: 70 | Добавил: Администратор | Дата: 15.06.2018

Семейдегі медицина институтын бітіріп, алғашқы еңбек жолын Текелі қалалық емханасында бастаған СЕЗІМ СЕЙІЛҰЛЫ РАШИДОВ бүгінде өз ісіне төселген, ауруға араша бола алатын білікті маман, ізін басып, болашақ кәсібін денсаулық сақтау саласымен байланыстырған жас медицина қызметкерлеріне айтары бар тәжірибелі дәрігер.
Сәттілік те, табыс та кәсібіне берілген, үнемі ізденіс үстінде жүретін, өзін ешқашан өстім, жеттім демейтін білімді, кішіпейіл жандардың пешенесіне көп бұйыратын шындық. Сезім емханада тері және жұқпалы жыныстық аурулардың дәрігері, ВИЧ бойынша психологиялық-әлеуметтік кеңес кабинетінің дәрігері міндетін жоғары деңгейде атқара жүріп, аурухана кәсіподақ ұйымының төрағасы қызметінің де күткенінен шыға білді.
Айтпақшы, Сезімге дәрігерлік мамандық қанмен берілген. Оның әкесі Сейіл Рашидұлы – хирург дәрігер. Бала күнінен әкесіне жақын болып өскен Сезім ес біле әке жолын жалғап, дәрігер болуды ниет етті. Міне, сол бұлжымас мақсат бүгінде оны елге елеулі, халықтың қажетінен шыға білетін азаматқа айналдырды.
Рақмет саған, дәрігер!
Семейдегі медицина институтын бітіріп, алғашқы еңбек жолын Текелі қалалық емханасында бастаған СЕЗІМ СЕЙІЛҰЛЫ РАШИДОВ бүгінде өз ісіне төселген, ауруға араша бола алатын білікті маман, ізін басып, болашақ кәсібін денсаулық сақтау саласымен байланыстырған жас медицина қызметкерлеріне айтары бар тәжірибелі дәрігер.
Сәттілік те, табыс та кәсібіне берілген, үнемі ізденіс үстінде жүретін, өзін ешқашан өстім, жеттім демейтін білімді, кішіпейіл жандардың пешенесіне көп бұйыратын шындық. Сезім емханада тері және жұқпалы жыныстық аурулардың дәрігері, ВИЧ бойынша психологиялық-әлеуметтік кеңес кабинетінің дәрігері міндетін жоғары деңгейде атқара жүріп, ... Читать дальше »

Категория: Новости | Просмотров: 73 | Добавил: Администратор | Дата: 15.06.2018 | Комментарии (0)

43 жылдық еңбек өтілінің 31 жылында жедел жәрдем дәрігері қызметін атқарған Текелі қалалық ауруханасы жедел жәрдем бөлімінің дәрігері ЕСЕНГЕЛДІ БАЙМҰХАМБЕТҰЛЫ МӘЛІКБАЕВТЫҢ алғашқы көмегі талай адамды ажалдан арашалап, жарақаттың салмақты салдарынан сақтап келеді.
Жедел жәрдем дәрігері жан-жақты кәсіби, байқампаз, қысылтаяң жағдайда шешім қабылдай алатын жүректі, елгезек, жауапты, ашық-жарқын мінезді болуы керек десек, Есекеңнің бойынан бұл қасиеттердің бәрі табылады.
Дәрігер отбасында өмірге келген Есенгелді бала күнінде әнші болуды армандаса да, қос бірдей әпкесінің дәрігерлік мамандықты таңдауы оны да осы салаға тартты. 1975 жылы Семей мединститутын жақсы нәтижемен тәмамдап, туған жері Бесқарағай ауданындағы ақ халаттылар қатарына жас маман болып қосылды. 1987 жылы Талдықорған қалалық жедел жәрдем станциясына ауысып, кейін Текеліге келді. Есенгелді қайда жүрсе де, кәсібін беріле істеді, дәрігерлік антына адал болды. Жарты ғасырға жуық еңбек өтілінде бірде-бір келеңсіздікке жол бермеуі оның кәсібилігінің, біліктілігінің айғағы.
Есекең қызметтен қолы қалт ете қалса, шахмат ойнайды. Әншілігі де бір төбе. Нағашыларынан дарыған әдемі дауысымен жиын-тойда басқа қырынан танылады. Ал Гиппократ антына әрдайым адал.
Рақмет саған, дәрігер!

... Читать дальше »

Категория: Новости | Просмотров: 54 | Добавил: Администратор | Дата: 15.06.2018

Татьяна Николаевна Малютина – врач-рентгенолог Текелийской городской больницы с 22-летним стажем. До этого 15 лет проработала участковым терапевтом.
Рентгенология Татьяну Николаевну интересовала всегда, и как только представилась возможность, врач прошла обучение и переквалифицировалась в рентгенолога. Сейчас, как шутит Татьяна Николаевна, она знает каждого текелийца если не снаружи, то изнутри точно. И это не преувеличение. Ежегодно «фотографии» легких целого города попадают ей на стол. Конечно, флюорографические обследования проходят массово и поставлены на поток, а вот с переломами, смещениями, растяжениями и прочим надо работать индивидуально. И она охотно это делает, помогая коллегам уточнять диагноз, а больным обретать такое ценное здоровье. И непременно напоминает о необходимости профилактических обследований, которые являются залогом хорошего самочувствия в будущем.
Спасибо Вам, доктор!

 

Категория: Новости | Просмотров: 83 | Добавил: Администратор | Дата: 15.06.2018