Приемная 8 (72835) 42210, Вз. Регистратура 44297, 44558, Детская регистратура 44559 
   Мобильная версия сайта
Главная » 2018 » Июнь » 15 » Рақмет дәрігер!
21:46
Рақмет дәрігер!

43 жылдық еңбек өтілінің 31 жылында жедел жәрдем дәрігері қызметін атқарған Текелі қалалық ауруханасы жедел жәрдем бөлімінің дәрігері ЕСЕНГЕЛДІ БАЙМҰХАМБЕТҰЛЫ МӘЛІКБАЕВТЫҢ алғашқы көмегі талай адамды ажалдан арашалап, жарақаттың салмақты салдарынан сақтап келеді.
Жедел жәрдем дәрігері жан-жақты кәсіби, байқампаз, қысылтаяң жағдайда шешім қабылдай алатын жүректі, елгезек, жауапты, ашық-жарқын мінезді болуы керек десек, Есекеңнің бойынан бұл қасиеттердің бәрі табылады.
Дәрігер отбасында өмірге келген Есенгелді бала күнінде әнші болуды армандаса да, қос бірдей әпкесінің дәрігерлік мамандықты таңдауы оны да осы салаға тартты. 1975 жылы Семей мединститутын жақсы нәтижемен тәмамдап, туған жері Бесқарағай ауданындағы ақ халаттылар қатарына жас маман болып қосылды. 1987 жылы Талдықорған қалалық жедел жәрдем станциясына ауысып, кейін Текеліге келді. Есенгелді қайда жүрсе де, кәсібін беріле істеді, дәрігерлік антына адал болды. Жарты ғасырға жуық еңбек өтілінде бірде-бір келеңсіздікке жол бермеуі оның кәсібилігінің, біліктілігінің айғағы.
Есекең қызметтен қолы қалт ете қалса, шахмат ойнайды. Әншілігі де бір төбе. Нағашыларынан дарыған әдемі дауысымен жиын-тойда басқа қырынан танылады. Ал Гиппократ антына әрдайым адал.
Рақмет саған, дәрігер!

Категория: Новости | Просмотров: 65 | Добавил: Администратор
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]