Приемная 8 (72835) 42210, Вз. Регистратура 44297, 44558, Детская регистратура 44559 
   Мобильная версия сайта
Главная » 2018 » Июнь » 15 » Рақмет дәрігер!
21:51
Рақмет дәрігер!

Семейдегі медицина институтын бітіріп, алғашқы еңбек жолын Текелі қалалық емханасында бастаған СЕЗІМ СЕЙІЛҰЛЫ РАШИДОВ бүгінде өз ісіне төселген, ауруға араша бола алатын білікті маман, ізін басып, болашақ кәсібін денсаулық сақтау саласымен байланыстырған жас медицина қызметкерлеріне айтары бар тәжірибелі дәрігер.
Сәттілік те, табыс та кәсібіне берілген, үнемі ізденіс үстінде жүретін, өзін ешқашан өстім, жеттім демейтін білімді, кішіпейіл жандардың пешенесіне көп бұйыратын шындық. Сезім емханада тері және жұқпалы жыныстық аурулардың дәрігері, ВИЧ бойынша психологиялық-әлеуметтік кеңес кабинетінің дәрігері міндетін жоғары деңгейде атқара жүріп, аурухана кәсіподақ ұйымының төрағасы қызметінің де күткенінен шыға білді.
Айтпақшы, Сезімге дәрігерлік мамандық қанмен берілген. Оның әкесі Сейіл Рашидұлы – хирург дәрігер. Бала күнінен әкесіне жақын болып өскен Сезім ес біле әке жолын жалғап, дәрігер болуды ниет етті. Міне, сол бұлжымас мақсат бүгінде оны елге елеулі, халықтың қажетінен шыға білетін азаматқа айналдырды.
Рақмет саған, дәрігер!

Категория: Новости | Просмотров: 83 | Добавил: Администратор
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]