Приемная 8 (72835) 42210, Вз. Регистратура 44297, 44558, Детская регистратура 44559 
   Мобильная версия сайта
Главная » 2018 » Июнь » 15 » Рақмет дәрігер!
21:56
Рақмет дәрігер!

«Әкем де, шешем де энергия саласының мамандары еді. Бірақ мен бала күнімнен-ақ дәрігер болғым келді. Арманымның ақиқатқа айналғанына тәубе деймін және құлшына түсемін. Әр күні таңертең өзім сүйетін кәсібіме кіріскен кезде бойымды бір керемет күш билеп ала жөнеледі. Себебі, өмірге жаңа өмір әкелетін аналардың үміті, қуанышы мен бақытты сәттері маған да шексіз ләззат сыйлайды!»
Бұл – бар ықыласын, қажыр-қайратын өзінің сүйікті ісіне арнаған абзал жан, қалалық аурухананың акушер-гинеколог дәрігері, емдеу ісі жөніндегі директордың орынбасары ЖАНЕТА НАРИМАНҚЫЗЫ НҰРМАНБЕТОВАНЫҢ жүрек сөзі.
1997 жылы Семей медицина акедемиясын бітірген Жанета 2000 жылға дейін туған жері Кербұлақ ауданының Сарыөзек кентінде жұмыс істеді. Кейін Талдықорған облыстық перинаталдық орталығында дәрігер, орталық меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды. Қазір қаламыздағы аналардың сүйікті дәрігері.
Жанета мектепті, жоғары оқу орнын орысша оқыса да, отбасындағы қазақы тәрбие оны өзегінен алыстатпаған. Тарихи кітаптарды оқығанды, кең-байтақ жерімізді аралап, белгілі тұлғалар туралы білуге құмартады. Ол: «Еліміздегі белгілі туристік аймақтардың бәрінде болдым. Өзім ғана
емес, қызымды, туыс-туғандарымның балаларын да бірге ала жүріп, олардың қасиетті Отанымыздың жер-суы, халқымыздың ұлы тұлғалары туралы біліп өсуіне мүмкіндік жасауға тырыстым, – деп отаншылдық сезімді жас ұрпақ бойына сіңірудің әдемі үлгісін де байқатты.
Рақмет саған, дәрігер!

 

Категория: Новости | Просмотров: 79 | Добавил: Администратор
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]