Приемная 8 (72835) 42210, Вз. Регистратура 44297, 44558, Детская регистратура 44559 
   Мобильная версия сайта
Главная » 2018 » Июнь » 15 » Рақмет дәрігер!
22:09
Рақмет дәрігер!

Текелі қалалық ауруханасының жұқпалы аурулар саласында жемісті еңбек етіп, халықтың алғысына бөленіп жүрген абзал жанның бірі – ҒАБИТ ИНИЯТОВ.
Туған топырағынан бастасақ, ол Өзбекстан Республикасы, Новаи облысы, Тамды ауданында 1982 жылы өмірге келген. Төрт ағайынды Ғабиттің отбасында дәрігер мамандығын игерген ешкім болмаса да ол ақ халатты абзал жан болуды алдына мақсат етіп қояды. Бала күнгі жүрегі қалаған, тілегіне балаған мамандығы алыстан қол сермеп, 2003-2009 жылдары Бұқара қаласындағы Мемлекеттік медициналық институтында жалпы тәжірибелік дәрігер мамандығы бойынша білім нәрімен сусындайды. 2009-2011 жылдар аралығында осы оқу орнының жұқпалы аурулар бойынша резидентурасын тәмамдайды. Кейін Заравшан қаласының емханасында қызмет етеді. 2014 жылы атамекенге оралып, 2015 жылдың қаңтар айынан бастап Текелі қалалық емханасында жұқпалы аурулар бойынша дәрігер міндетін атқаруда.
Ғ.Иниятов қызметі туралы әңгімесін әдемі өрбітті: Мен мамандығымды өте жақсы көремін. Өз ісіме бар күш-жігерімді салып, көңілге түйгенімді пайдалануға тырысамын. Сондай жағдайда қол қусырып қарап отырмай, жан-жақты ізденіп, тәжірибе жүзінде білімімді шыңдап отыруға тырысамын. Сондай-ақ, дәрігер ең алдымен мейірімді, кішіпейіл, қарапайым болуы керек. Жаны жаралы науқас адамдарға дәрілік заттармен қатар, тілектестік ниетіңді де білдіріп, жүрегіңді де арнай білу маңызды. Менің осындай білім алып, халқыма қызмет етуіме әке-шешемнің еңбегі зор.
Біздің бөлімде 25 адамға арналған жатын орын бар. Жыл сайын ғима-
ратқа ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалып тұрады, биыл жаңа орындықтар берілді. Ұжымда 11 адам еңбекпен қамтылған, 1 дәрігер, 4 медбике және тазалықшылар мен буфетшілер бар. Қиыны мен қызығы мол дәрігер мамандығын таңдаған барша әріптестеріме жемісті еңбек, табанды төзімділік пен сарқылмайтын күш-қуат тілеймін, – деп ағынан жарылды.
Науқас адам жанына жаз сыйлайтын абзал жанның еңбегі бағаланып, басшылық тарапынан марапаттарға ие болған. Бүгінде адал жар, қамқор әкенің екі бүлдіршіні де әке жолын қуып, беделді дәрігер болуды армандайды екен.

Категория: Новости | Просмотров: 93 | Добавил: Администратор
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]